Денсаулық сақтау саласы мамандары өткен жылдан бастап білім беру бөлімдерімен бірлесіп жасөспірімдер арасында есірткіге құмарлықтың алдын-алу шараларын өткізуді бастапты. Ал, Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы мектеп, колледж, кәсіптік оқыту мектептерінің 3409 оқушысына тексеру жасалғанда 81 оқушының есірткі дәмін татқаны анықталған.
Бұл туралы Азаттық радиосына Теміртау қаласындағы наркологиялық диспансер коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының директоры Алмагүл Орынбекова хабарлады.
- Мектеп, колледж және кәсіптік оқыту мектептері оқушыларының есірткіге бейімділігін тексергенде есірткі дәмін татқандар анықталды және олар есепке қойылды, - деді Алмагүл Орынбекова
Ол мұндай тексеру жұмысының бірінші рет жасалғанын және оны өткізуде қиындықтардың болғанын айтты. Орынбекованың пікірінше, бұл мәселеге байланысты халық арасында түсінік аз.
- Теміртау қаласында есепке алынған ең жас нашақордың жасы 13-те, - дейді Алмагүл Орынбекова.
Сонымен бірге ол көрнекті деген мектептерде оқитын балалардың есірткінің қымбат түрлерін пайдаланатыны байқалғанын айтып отыр. Мектеп оқушысы Ардақ құрбылары арасында есірткі дәмін татқандардың барын және олар өздері бастан кешкен "тәтті сезімдер" жайында бөліскенін айтып берді.
Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан жасөспірімдер арасындағы бұл проблемаға алаңдаушылық білдіреді.
- Қазақстанда 52 мыңнан аса нашақор бар. Шетелдік сарапшылар 300 мыңнан асып жығылғанын айтады. Олардың басым көпшілігі жастар болса, 2000-ға жуығының жасы әлі кәмелетке толмаған екен, - дейді депутат.
Ішкі істер министрлігінің есіркті бизнесіне қарсы күрес комитетінің аға инспекторы Дүйсенәлі Жетібаевтың айтуынша, 47 мың 903 адам есепте тұрады. Оның 1441 жасөспірімдер.
- Сондай-ақ өткен жылы ішкі істер органдарымен есірткіге байланысты 9231 қылмыс тіркеліп, 4187 есірткі тасымалдайтындардың қылмысы әшкереленген, - деді ІІМ өкілі.