Accessibility links

Х.Солана (Еуроодақ): “К.Райстың сейсенбі күні Парижде айтқан сөзі “оң үндеу” және “құнды қадам”


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс ханымның Еуроодақты Ираққа қарсы соғыс ашудан шыққан дау-дамайды ысырып қойып, АҚШ-пен арадағы ынтымақтастықтың жаңа тарауын бастауға шақыруын Еуроодақ жетекшілері оң қабылдады. Францұз теледидарынан сөйлеген сөзінде Еуроодақтың сыртқы саясат жетекшісі Хавьер Солана К.Райстың сейсенбі күні Парижде айтқан сөзін “оң үндеу” және “құнды қадам” деп бағалады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы өз сөзінде: “Егер біз ғаламдық бостандық жолында 21 ғасырда күш біріктіретін болсақ, онда біз әділдік пен даму, демократия мен бейбітшілік жолында ғаламдық тарихи ілгерілеуге қол жеткіземіз”, -деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG