Францияның сыртқы істер министрі Мишель Барнье Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі проблеманы шешуді көздеген Еуроодақтың іс-әрекетін АҚШ қолдауға тиіс деп санайды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс ханыммен кеше Париждегі кездесуінен кейін М.Барнье осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ұлы Британия, Германия және Францияның Иранмен арадағы оның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзі “өте сезімтал сәтіне” жетті және дәл осы кезде Еуропаның ұстанымын АҚШ-тың, сондай-ақ Ресей мен Қытайдың қолдағаны өте маңызды. Ал Еуроодақ Ираннан ядролық технологиясының бірқатар жобасын біржола жабуын талап етіп отыр.
М.Барнье (Франция): “Еуроодаққа Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын шешуге АҚШ көмектесуге тиіс”
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?