Accessibility links

10 ақпан - мұсылмандардың жаңа жылы


Ақпанның 10-ы әлем мұсылмандары қасиетті Хиджра мерекесі - мұхаррам айының басталуын тойлайды. Жаңа 1426 жылдың бастамасы мұсылман ай күн тізбесіндегі мұхаррам айы мен Хиджра бойынша мұсылмандар өмірінде айрықша мәнге ие.

Астана қаласы орталық мешітінің найб имамы Махмуд Әнуарұлы бұл айда Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Ястрибке, кейінірек пайғамбар қаласы Медине деп аталған қалаға отбасымен және жақын адамдарымен бірге қоныс аударғанын айтады

- Бұл оқиға григориан күнтізбесі бойынша 622 жылы шілденің 16-сында болды және бұл мұсылман дәуірінің басы ретінде есептеледі. Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединаға қоныс аударған күні мұсылмандық жаңа жыл санау күнтізбесы басталды. Оны 634 жылы пайғамбардың серіктерінің бірі халиф Омар енгізген, - дейді найб имам Махмуд Әнуарұлы.

Ол бұл күнді пайғамбардың қасиет тұтуының бір себебін былай деп түсіндіреді:

- Меккеден Мединеге хиджрет еткен кезде еврейлердің ораза ұстап жүргенін көрген пайғамбар олардан "сендер неге ораза ұстап жүрсіңдер?" деп сұрайды. Сонда олар бұл күні Мұса пайғамбар перғауынның залымдығынан құтылған, Нұх пайғамбардың кемесі жағаға шыққан уақыт деп, және басқа да көптеген уақиғаларды айтады. Бұл күн мейрам ретінде діни ортада тойланады. Бірақ айттар, жұма намаз секілді кең көлемде емес. Ал, түрік, араб мемлекеттерінде және Қазақстанның батыс облыстарында ашура деген 10 түрлі дәмнен тәтті тамақ пісіріліп, көршілерге, халыққа таратылып жүр.

Түркиядан келіп Астанадағы орталық мешітте ұстаз-қари болып жүрген Уасфи Арслан ашура айы ішінде кісілерге садақа берілуі мүмкін дейді.

Уасфи Арслан қасиетті Хиджра мерекесінің Қазақстанның кей облыстарында елеп-ескерілетініне куә болғанын айтады.
XS
SM
MD
LG