Украина президенті В.Ющенко елдің шығысында сепаратизмге шақырған тұлғаларды жауапқа тартатынын ескертті. Донецкіде сөйлеген сөзінде ол сепаратизмге қоса, өзінен бұрынғы президент Л.Кучманың кезінде кең етек жайған “көлеңкелі экономикаға”, отбасылық кәсіпкерлікке және сыбайластық жемқорлыққа да қарсы аяусыз күресетінін мәлімдеді. Атап айтқанда, В.Ющенко ішкі істердің облыстық басқармалары бастықтарын параға тағайындауына қайтып жол бермейтінін кесіп айтты. Оның атап көрсетуінше, Донецк облысы – Украинаның бөлінбес бөлігі болып табылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?