Accessibility links

Ақтауда тыйым салынған діни ұйымның мүшесі деген күдікпен бір азамат ұсталды


Жақында Қазақстан парламенті “Экстремистік қызметке қарсы күрес” туралы заңды қабылдап, президентке қол қоюға жіберген тұста Маңғыстау облыстық полиция қызметкерлері Ақтауда уаххабшылар ұйымының мүшесі деген күдікпен бір адамды ұстағаны туралы хабарлады.

Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері ақпанның 4-і күні Ақтау қаласында «Қара ислам» уақаптық бірлестігінің мүшесі деген күдікпен бір азаматты ұстап, одан қару-жарақ, есірткі және үгіт-насихат әдебиеттерін тәркіленгені жөнінде ақпарат таратты.

Құқық өкілдерінің дерегі бойынша, Жаңаөзенде туып-өскен 30 жастағы Қазақстан азаматы Ақтаудың саяжай кенттерінің бірінде тұрып жатқанда қолға түскен. "Тінту кезінде оның үйінен қопарғыш шашкалар, карбид салынған каптар, шолақ мылтық, есірткі заттары, үгіт-насихат әдебиеттері тәркіленген" деп хабарлады полиция.

- Қазір бұл заттарды әлгі жігіттің қайдан және қандай мақсатпен алғанын анықтап жатырмыз, бұл адам нақты қандай да бір террорлық әрекеттер ұйымдастырмақ болған деп айта алмаймыз, бірақ қылмыстық істер жасамақ болғаны анық, - дейді Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының бастығы Асқар Көшімов.

Сондай-ақ Асқар Көшімов әлгі ұсталған азаматтың «уақаптық ұйымға мүше екенін алдын-ала білдік, біз осы топтағы тұлғаларға қатысты тұрақты шұғыл-алдын алу жұмыстарын жүргізіп отырдық» дейді.

Бұдан өзге Асқар Көшімов «Қара ислам» атты уақаптық бірлестігінің мүшесі деген күдікті басқа да азаматтардың Маңғыстау жерінде баршылық» екенін айтады. Әрі оларға қарсы жұмыс жүргізіп жатқандыарын да жасырмайды.

Алайда Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров "бұл жайттың айтарлықтай жаңалық емес" екенін, оған дәлел ретінде өткен жылы экстремистік пиғылдағы бұрын белгісіз болып келген төрт бірдей бірлестіктің жабылғандығын мысалға келтіртді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар Өмірбек бұрын «Қара ислам» атты уақаптық бірлестік жөнінде естімегендігін, әйткенмен "жалпы мұндай ұйымдардан бойды аулақ ұстау жөнінде уағыздар жүргізетіндіктерін" жеткізді.

Алайда ислам дінтанушысы Мұртаза Бұлытай бұл мәселеге аса байыптылықпен қарау қажеттігін айтады.
XS
SM
MD
LG