Қазақстанның төтенше жағжайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаевтың орталық сейсмостанцияның берген ақпаратына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстанның Сарыжаз шатқалында, Алматыдан оңтүстік шығыста 255 шақырымдай жерде болған. Алматыдағы жер сілкінісінің күші Рихтер көрсеткіші бойынша 4-4,5 балл шамасында болған. Қайрат Тарбаевтың айтуынша, төтенше жағдайлар министрлігіне жер сілікінісі салдарынан зардап шеккендер немесе қирап, бүлінген үйлер туралы ақпарат келіп түспеген.
Қазақстанның сейсмология институты директорының орынбасары Асқар Оспановтың айтуынша, Қырғызстан мен Қытай шекарасына жақын маңда болған жер сілікінісінің ошағы, яғни эпицентрінің күші 7 балл шамасында болған. Алайда Алматыда сезілген 4,5 баллдық жер сілкінісі ешқандай қауіп-қатер төндірмеген.
- Бұл осыдан екі апта бұрын қазақстандық сейсмолог мамандардың айтқан биылғы алғашқы жарты жылда күші 5,5 баллдан жоғары күшті жер сілкінісі болмайды деген болжамды растап отыр, - деді Асқар Оспанов.
Ал Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы Көк-шал тау қыратында болған жер сілкінісі салдарынан да зардап шеккен немесе қирап-бүлінген туралы ақпарат жоқ, себебі ол жерде ешкім тұрмайды дейді ол. Қырғызстанның сейсмология институы сейсенбі күнгі жер сілкінісі туралы таратқан хабарында жер сілікінісінің ошағындағы сілкініс қуатының 7-9 балл аралығында болғанын жариялап отыр.
Интернеттегі форумдарда Алматы тұрғындары таңертең ертемен ұйқыдан енді ояна бастаған сәтте кенет болған жер сілікінісін сезгендерін, кейбірі тұрғын үй, пәтерлердің қабырға, едендері сықырлап дыбыс шығарғанын, ал төбеде ілулі тұрған люстра шамының қаттырақ тербеліп барып басылғанын жазып отыр. Қария адамдардың көбі мазасызданып, денсаулықтары онша болмағанын айтады. Көпшілік тұрғындар соңғы жылдары Алматыда мұндай есте қалатындай жер сілікінісінің болмағанын айтып отыр.