Израил парламенті бүгін осы жылдың аяғына қарай Газа секторынан көшірілуге тиіс 8 мыңнан аса еврей қоныстанушыларына берілетін қаржылай өтемақы мәселесін дауысқа салатын болады.
Израил бас министрі Ариел Шарон Израил Газадан кету жоспарын Палестин шенеуніктерімен келісіп, үйлестірді деп айтқан сейсенбі күні. Мұның өзі қоныстанушылар мен Израил аскерлері Газадан кетіп жатқан кезде Ислам жауынгерлерінің Газа аймағын бақылауға алуына кедергі жасауға көмектеседі деп үміттенемін деген ол.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды