Жалпыұлттық сайлауда жеңіске жеткен Ирақ шииттерінің одағы елдің ендігі премьер министрі етіп, Ибрахим әл-Жафариді тағайындау жөнінде бастапқы келісімдерге келген болатын. Жафари Біріккен Ирақ одағындағы екі басты діни топтың бірі- Әл-дауа партиясының басшысы.
Ассошиейтед Пресс агенттігіне берген сұхбатында, Жафари АҚШ әскерлері зұлымдықты тоқтатуға жәрдемі қажет болғанға шейін Ирақта қала беретінін айтты. Біріккен Ирақ одағы өткен айда болған сайлауда 48 пайыз дауыс алған болатын.
Ибрахим әл-Жафари егер ол премьер министр болып тағайындалса, Ирақтағы зұлымдықты тоқтату оның ең басты мақсаты болатындығын айтты
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өскемен мен Семей
Халық жылдар бойы несие төлеп келе жатса да көше неге тастай қараңғы?