Accessibility links

Бұдан 8 жыл бұрын Жапонияда мақұлданған ғаламдық жылыну процессіне байланысты зияндық қалдық газдарды ауаға шығаруды шектеуге бағытталған Киото хаттамасы бүгін күшіне енді


Бұл міндетті заңдық келісімді Ресей және басқа да 30 ірі индустриялы ел бар, әлемнің 141 мемлекеті раттификациялаған болатын. Келісімге сәйкес, индустриялы елдердің зиянды қалдықтарды шығаруды 1990 жылмен салыстырғанда 2012 жылға қарай 5.2 процентке қысқартуы талап етіледі. Аталған газдың құрамында заводтар мен фабрикаларда, электростанцияларында мұнай мен көмірдің жануынан пайда болған көмір қышқыл газі және басқа да қоспа заттар болады. Киото келісіміне оның талаптары экономикаға кері ықпал етеді, көп жұмыс орындарын жоғалтуға соқтырады деген желеумен зиянды қалдық газды әлемдегі ең көп шығаратын ел, АҚШ, қосылмай койған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG