Accessibility links

Ирақ бірікккен одағының сайлаудағы жеңісі мойындалды


Шииттердің діни коалициясы қолдаған Ирақ біріккен одағының 30 қаңтарда өткен сайлауда жеңіске жеткендігін Ирақтың сайлау комиссиясы бекітті. 275 орындық Парламентте Шиит коалициясы- 140 орынды алса, екінші тұрған 75 орын алған-Курд одағы. Бұл жөнінде кеше сайлау комиссиясының өкілі Хамдиа әл-Хусейни Бағдадта өткізілген баспасөз мәслихатында айтқан. -Бірінші- Ирақ бірікккен одағы, екініші-Курд одағы, үшінші – 40 орын иеленген уақытша бас министр Ияд Алауидың блогы, төртінші- бес орын алған уақытша президент Яуар әл-Ғазидың блогы-дейді Хамдиа әл-Хусейни. Парламенттегі барлық орынның үштен бірінен көбі елдің президенті мен екі вице-президентін және премьер-министрді бектіу үшін қажет болады. Ирақтың бас министрлігіне екі басты үміткердің бірі- Біріккен одақтан Ибрахим әл-Жафари, екіншісі- Ұлттық конгрестен Ахмед Чалаби.
XS
SM
MD
LG