Accessibility links

Х.Л.Р.Сапатеро испан халқын Еуроодақтың жаңа конституциясын қолдап дауыс беруге шақырады


Испания халқы Еуроодақтың жаңа конституциясын не қолдап, не қарсы дауыс беруге тиіс. Испан премьері Хосе Луис Родригес Сапатеро өз отандастарын бүгінгі референдумда Еуроодақтың жаңа конституциясын қолдап, қуатты да тығыз ынтымақтасқан Еуроодағы үшін жаппай дауыс беруге шақырды. Оның айтуынша, конституция жобасын қолдаған жағдайда, Еуроодақ пен Испанияның жарқын болашағына жол ашылады. Бұл - Еуроодақтың жаңа конституциясы бойынша Еуроодақ елдерінде өтіп жатқан бірінші референдум. Испаниядан басқа Еуроодақтың 7 мүшесі жаңа конституция бойынша осылайша референдум өткізбекші.
XS
SM
MD
LG