АҚШ-тың бұрынғы екі президенті Дж. Буш мен Билл Клинтон Индонезияның желтоқсан айындағы табиғат апатынан әсіресе қатты жапа шеккен Ачех өлкесіне келіп, одан аман қалып, қазір босқындар лагерлері мен қираған ауылдарда тұратын халықпен кездесті. Оның барысында Дж.Буш әлем қауымдастығының көмекке келетінін мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, Индонезияны Америка жағынан бөлінген қаржылай көмектің мұқтаждарға жұмсалуына кепіл болуға үндеді... Сенбі күні Тайландта Б.Клинтон әлем қауымдастығын жапа шеккен елдер алдындағы міндеттемелерін орындап, уәде еткен қаржылай көмектерін уақытында беруге шақырды. Бүгін екі экі-президент елге қарай ұшып шығуға тиіс.
АҚШ-тың бұрынғы 2 президенті Дж.Буш пен Б.Клинтон Оңтүстік Азия елдеріне сапарын бүгін Индонезияда аяқтайды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі