Иранның сыртқы істер министрі Камаль Харразидің пікірінше, Иран газын Пәкістан арқылы Үндістанға тасымалдайтын газ құбырының жобасы жүзеге асырылса – осы аймақтағы тыныштық пен сауда қатынастарының дамуын ынталандырады. Екі ел арасындағы сауда айналымын ұлғайту мен аталмыш газ құбырының жобасын талдау мақсатында 2 күндік сапармен Үндістанда жүрген К.Харрази Делиде үнді әріптесі Натвар Сингхпен бүгін өткізген келіссөзінде осылай деп атап көрсетті. Ол, сондай-ақ, бүгін үнді премьері Манмохан Сингхпен кездесіп, ертең Үндістанның халықаралық істер Кеңесінде сөз сөйлейді.
Иран мен Үндістан сыртқы істер министрлері Делиде Иран-Үндістан газ құбырының жобасын талдауда
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі