Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысып отырған 350-ге жуық оқушы төрт бағыт бойынша жұмыстарын ұсынып, бақ сынап жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осыдан 5 жыл бұрын сарапқа 290 жұмыс түссе, биылғы тапсырылған жұмыстар саны 10 мыңға тақаған. Белгілі профессорлар мен академиктердің сараптауынан өткен ғылыми жұмыстың жеңімпаздары мемлекеттік білім беру грантына ие болады.
Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшитдинованың айтуынша, биылғы тапсырылған жұмыстар саны 10 мыңға жуық.
- Республикада дарынды балалар оқитын бірнеше мектеп-интернаттар ашылып жатыр. Бұлардың барлығы балаларды қолдау үшін жасалып отырған дүние. 1999 жылы ең алғаш өткізген жарысқа жалпы республика бойынша 290 ғана жұмыс түссе, биыл 9800-ден астам жұмыс тапсырылыпты. Бұл жарысқа қатысушы жастардың ауқымының көбейіп келе жатқандығын, оқушылардың білімге деген құштарлықтарының артқандығын көрсетеді», - дейді білім вице-министрі.
Павлодар облысының Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия- интернатының 11 сынып оқушысы Айнұр Сейітова тіл тану секциясы бойынша «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шартты сюжет шығармалары» тақырыбындағы зерттеу еңбегін ұсынып отыр екен.
- Оның 2 шығармасын зерттедім. Шығармаларының оқиға желісін қарастырсақ, мұнда оқиға негізі шартты сюжетке құрылған. Демек, өмірде болмайтын әрекеттерді, қоғамдағы сорақылықтарды барынша өткір түйреу үшін шартты әрекеттерді Мәшһүр Жүсіп кеңінен қолданған. Қорыта айтар болсам, Мәшһүр Жүсіптің ақындық шеберлігін кең зерттеу қажеттігін, оның суреттеу амал-тәсілдерінің түрлілігін сөз зергері ретінде қазақ әдебиетінің кемелденуіне көп үлес қосқанын дәлелдейді, - дейді павлодарлық оқушы Айнұр Сейітова.
Ал Гауһар Оразғалиева «Атырау қаласының ауыз суындағы ауыр металдарды анықтау» тақырыбы бойынша бір жарым жыл бойы еңбектенген екен. Гауһардың айтуынша, Атырауда ғана емес, бүкіл республика көлемінде өзекті мәселеге айналып отырған ауыз су құрамында темір және мыстың мөлшерден тыс көп екендігі анықталып отыр.
- Меніңше, ауыз су жеткізуші құбырлар қазіргі заманғы комплекстермен қамтамасыз етіліп, зауыттардың тазарту әсерін күшейту қажет. Мысалы, ауыр металдар басқа заттар сияқты ағзада қорытылып, жойылмайды, сақталып, бірте-бірте көбейіп отырады, бұл өте зиян. Егер мен бұл мәселені дұрыс жеткізе алсам, бұл тек облыстағы емес, республикадағы осындай проблемаларды шешуге септігін тигізеді деп ойлаймын, - дейді Гауһар.
Республикалық ғылыми жарыс жұмысына танымал профессорлар мен академиктер, ғалымдар қазылық етеді. Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшитдинованың айтуынша, республикалық жарыс жеңімпаздарынан құрылған команда Америка Құрама Штаттарында өтетін Халықаралық ғылым мен техника көрмесінде Қазақстанның намысын қорғайтын болады.
Республикалық ғылыми жарысқа Қарағанды облысынан 24 оқушы келіпті. Оқушылардың жетекшісі Бақытжан Бигелдинова мұндай жарыстардың оқушылардың ғылымға деген құлшыныстарын арттырады деп есептейді:
- Бұл өте керек деп санаймын, өйткені балаларды жастайынан ғылыми жұмысқа үйретсек, болашақта Қазақстанның интеллектуалдық потенциалы солардың арасынан шығады деп ойлаймын.
Ғылыми жарыс жеңімпаздары алғаш рет өздерінің жобаларын «XXI ғасырдағы білім мен ғылым» атты II-ші Қазақстандық Халықаралық көрме шеңберінде көрсеткелі отыр. Жарыс жеңімпаздары ақпанның 25-күні анықталады.