Accessibility links

Қырғызстанда бірнеше күре тамыр жол жабылды


Қырғызстанда саяси наразылық танытқан халық бірнеше күре тамыр жолды жауып тастады. Олар алдағы жексенбі күні болатын парламенттік сайлауға оппозиция басшылары қатыстырылсын деп талап қояды. Қырғызстан үкіметі парламенттік сайлау науқанында тек үкімет жағындағы үміткерлерге жол ашты, оппозиция басшыларын тіркеткізбей қойды, - дейді наразылық айтушылар. Нарын облысы Кочқор ауданындағы жолды бірнеше мың адам бөгеп тастады. Бес мың адам Қырғызстаннан Қытайға апаратын жолды жауып тастады. Жалалабад қаласындағы жұрт Ош-Бишкек жолын жаба бастады. Ыстық-көл облысындағы жолды екі мың адам жауып тастады.
XS
SM
MD
LG