Accessibility links

Палестиннің жаңа үкімет құрамы бүгін мақұлдануы мүмкін


Палестин премьер-министрі Ахмед Курей жаңа кабинет турасында соңғы ақылдасуларды өткізіп жатыр. Курей бүгін таңертеңгісін Палестиннің Заңдық Кеңесімен жоспарланған кездесуін тағы кейінге қалдырып, өзі ұсынған кабинет мүшелеріне қолдау көрсетуге шақыру үшін, Фатх фракциясындағы бас көтеруші - наразылық білдірушілермен кездескен болатын. Курей жаңа кабинеттің қолдау таппайтыны белгілі болған соң парламенттегі дауыс берулерді екі күнге кейінге шегерген-ді.

Реформаға ықыластылау заң шығарушылар Курей ұсынған жаңа кабинет мүшелері арасында ұйымдасқан қылмысқа қатысы барлар көп те, реформашылар аз деп шағым айтқан болатын. Сейсенбі күні Курей өзі ұсынған кабинет құрамын өзгертуге келісті.
XS
SM
MD
LG