Accessibility links

Х.Р.Азефи: “Теһран өзінің Еуроодақпен арадағы келіссөзіне АҚШ-тың қатысуын қаламайды”


ТЕҺРАН. Бүгін Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефи Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Еуроодақпен арадағы келіссөзіне АҚШ-тың қатысуын қаламайды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Иран Еуроодақпен бірдей көзқараста. Осы аптада Еуроодақ жетекшілері АҚШ президентін Иранды өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартуға ынталандыру жөніндегі өзінің ұстанымын қолдауға шақырды. АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Стефен Хэдлидің сәрсенбіде атап көрсеткеніндей, Дж.Буш Иранды дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдау мен азаматтық авиацияны сату сынды ынталандыру жолдарын қарастырады.
XS
SM
MD
LG