Accessibility links

Қырғызстанда оппозиция өкілдерінің бір бөлігі наразылық шеруін доғарып, екінші бөлігі жалғастырып жатыр


БІШКЕК. Сәрсенбінің кешінде Қырғызстанның Түп аудандық сайлау комиссиясы оппозиция өкілі Садыр Жапаровты депутаттыққа үміткер ретінде қайта тіркеді. Оның жақтастары наразылық шеруін доғарып, елдің оңтүстігіндегі автожолды ашты. Алайда Қырғызстанның басқа аудандарында ресми биліктің оппозиция өкілдерін сайлаудан аластатуына қарсы наразылық шаралары әлі жалғасып жатыр. Мысалы, олар Нарын облысындағы Бішкек-Торуғарт автожолын бөгеп тұр. Қырғызстандағы парламент сайлауы осы жексенбіде өтеді.
XS
SM
MD
LG