Accessibility links

Ресей мен Иран ядролық отынды қайтару жөніндегі келісімге қол қоймақ


Ресей федералды ядролық энергетика агенттігінің бастығы Александр Румянцев бүгін Тегеранға жол тартады деп күтіліп отыр. Ол Бушер атом электр станциясынан Ресейге ядролық отынды қайтару жөніндегі келісімге қол қоймақ. Ресей Бушер станциясын салуға көмектесіп жатқаны аян. Жоба құны 800 миллион доллар, станция қызметін 2006 жылы бастамақ. Ядролық отынды қайтару сақтау шарасы болмақ, Иран отыннан кейін ядролық қаруға жарамды плутоний өндірмесін деген мақсат көзделеді. Иран ешқандай ядролық қару жасап отырған жоқпыз дейді. АҚШ президенті Джордж Буш пен Ресей президенті Владимир Путин кеше Братислава кездесуінде Иран мен Солтүстік Кореяда ядролық қару болмаған жөн деп сөз байласты.
XS
SM
MD
LG