Accessibility links

С.Лавров (Ресей) Еуроодақ өкілдерімен Грузия, Молдова, Иран, Балқандағы ахуалды және Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөз мәселелерін талдайды


БРЮССЕЛЬ. Бүгін осында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуроодақтың ресми өкілдерімен келіссөз жүргізеді. С.Лавров өз кезегімен қазір Еуроодаққа төрағалық ететін Люксембургтің сыртқы істер министрі Жан Ассельборнмен, Еуроодақтың сыртқы саясатының жетекшісі Хавьер Соланамен және Еуроодақтың сыртқы қатынастар министрі Бенита Ферреро-Вальднер ханыммен Грузия мен Молдовадағы, Иран мен Балқан түбегіндегі ахуалды және Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөз мәселелерін талдайтын болады. Келіссөздің күн тәртібінде Мәскеу мен Брюссель арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі де тұр.
XS
SM
MD
LG