Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Сирияны 15 мыңдық әскерін Ливаннан әкетуге көндіріп көрмекші


БЕЙРУТ. Үкіметтің тыйым салуына қарамастан мыңдаған адам бүгін Бейрут көшелеріне шеруге шықты. Сирия қолдаған Ливан үкіметінің қарсыластары екі апта бұрын экс-премьер-министр Рафик Әл-Харириге қарсы жасалған қастандық үшін Сирияны айыптап, оның тергелуін талап етпекші. Ал Дамаск болса әлгіндей айыпты түбегейлі жоққа шығаруда. Ливан үкіметі өзіне қарсы күштермен қарама-қатар өзін қолдайтын күштердің де шеру ұйымдастыратынын мәлімдеген соң, шеруге тыйым салды. Ішкі істер министрі армия күшін қолданып, халықтың жиналуына жол бермеуге бұйрық берген соң, жауынгерлер парламенттің айналасындағы жолдарды қоршауға алды. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Сэттерфилд Сирияны 15 мыңдық әскерін Ливаннан шығаруға көндіру мақсатымен Бейрутта жүр.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG