Accessibility links

Рим Папасының тамағына жасалған операциядан соң, Иоанн ІІ-Павел әзірше сөйлей алмайды


РИМ. Кеше Рим Папасы Иоанн ІІ-Павел өзі емделіп жатқан “Джемели” ауруханасы палатасының терезесінен жиналған халыққа қол бұлғап сәлемін жолдады. Ватиканның Әулие Петр алаңындағы көпшілік дұға оқу соңғы 26 жылда алғаш рет Рим Папасы ІІ-Павелдің қатысуынсыз өтті. Рим Папасының атынан дұғаны архиепископ Леонардо Сандри оқыды. Өткен бейсенбі күні 84 жастағы Рим Папасының тамағына операция жасалғаннан кейін, Иоанн ІІ-Павел әзірше сөйлей алмайды.
XS
SM
MD
LG