Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі адам құқықтары туралы жылдық есебін жариялады


Дүйсенбі күні АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі адам құқықтары жөніндегі жылдық баяндамасын жариялады. Онда әлеменің көптеген елдеріндегі, солардың ішінде, бұрынғы Совет елдеріндегі заң бұзу жайы ашық айтылады.

Бірақ, ол жерде Вашингтон мұны әсіресе, әскери және коммерциялық байланыстарды дамыту қажеттілігі бар елдердегі қателік ретінде қарап отыр ма деген сауалдарға, америкалық екі бақылаушы Азаттық радиосына өз пікірлерін білдірген еді.

Дүйсенбі күнгі АҚШ мемлекеттік департаментінің жылдық есебіне арналған брифингте, ақпарат өкілдері АҚШ екі жақты байланысын жақсарту үшін Қытайдағы адам құқықтарының бұзылып жатқанын елемей отыр ма деген сауалдар қойып жатты. Бұған демократиялық талаптар адам құқықтары және жұмысшылар жөніндегі мекеме басшысының өкілі Майкл Козак, ондай мәселелер Американың адам құқықтары саясатына әсер етпейді дегенді айтты.

- Мұнда көптеген адамдар, мәселен, біз Орта Азиямен одақтастық құрғанда, бұл елдердегі адам құқықтарының бұзылуына қатысты енді барлық сындар тоқталады деген пікір айтқан еді. Ал шындығында, бұл жағдай керісінше болды, мысалы, біз Өзбекстан сияқты жерлердегі адам құқықтарының сақталмай отырғанына ерекше назар аудардық және сол елде өзгертулер жасауға тырысқандар жағын жандандырдық, - деді М.Козак.

М.Козак сонымен бірге, жылдық зерттеулер есебінің мақсаты айыптау-сындарды қоғамға таныту емес, бірақ, мемлекеттік департамент пен Ақ үйдің саясатын реттеуге көмектесетін анықтама дегенді айтты.

Бұл тұрғыда Буш әкімшілігі мұндай есептерді жақсы пайдаланып отыр дейді Вашингтонда орналасқан саяси зерттеу орталығы Карнеги қорының Евразия мен Ресей бағдарламасы бойынша сарапшысы Роза Готтемоеллер. Азаттық радиосына берген сұхбатында ол, өткен бейсенбіде Словакияда АҚШ президенті Джордж Буш пен Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен саммитте американ басшысы Ресейдегі адам құқықтары мәселесін көтергеніне тоқталды.

- Құрама Штаттар біздің өз талаптарымызға сай және бұл елдерде демократиялық реформалардың дамығанын көру үшін өзінің саясатын реттеп отыруға тырысады. Біз оны президент Буштың бұл жайында өткен аптада президент Путинмен Братиславада ашық сөйлескенінен көрдік. Сондықтан, АҚШ саясаты осы елдерде де жүзеге асып жатқан реформаларға қажетті біздің көзқарасымызды ашық әрі нақты етуге тырысады, - деген тағы бір американдық сарапшы.

Және де осы тұста Роза Готтемоеллер, Құрама Штаттар барлық елдердің бәрінен бірдей адам құқықтарын талап етпейді деген сауалға, Вашингтонның жауабы - құқықтардың бұзылуы мен байланыс түрлерінің қалыптасуына қатысты болады. Қисындырар болсақ, бұл әрдайым маңызды емес деген ойын жеткізді. Бұған байланысты, халықаралық Хюман Райтс Уотч, яғни адам құқықтары ұйымының Өзбекстан бойынша зерттеушісі Эллиссон Джилл Құрама Штаттар екі жақты байланыстардан қорықпай-ақ, Өзбекстан сияқты елдерде азаматтардың еркіндігін дамыту үшін көп істер жасай алады деді.

- Мысалы, әл-Қаида мен Тәлібан өкіметіне қарсы соғысқа дайындық барысында, Буш әкімшілігі Ауғанстанмен шекарасы 120 шақырым болатын Өзбекстанға назар аудара бастады. Құрама Штаттар Өзбекстан аймағындағы әуе базасын пайдалану құқығын тез иеленді. Енді Буш әкімшілігі Өзбекстандағы әскери базасынан айырылып қалам ба деп, президент Кәрімовты негізсіз ренжітіп алуға қорқатын сияқты, - деген ой түйіндейді Эллиссон Джилл ханым.

Сонымен қатар, Өзбекстан бойынша бұл сарапшы таяуда АҚШ Конгресі Өзбекстандағы адам құқықтарының нашар жағдайына қарап, Кәрімов үкіметіне берілуге қаралған 18 млн долларды қысқартқанын айтады. Алайда, Пентагонның бұған мән берместен Тәшкентке 21 млн доллар әскери көмек жолдағанын да атап өткен Джилл ханым бірақ, Құрама Штаттардың Өзбекстан сияқты елдерге ықпалын танытуда қаражат көзі тек жалғыз жол емес екенін алға тартты.
XS
SM
MD
LG