Қазақстан коммунистері Конституция баптарын алға тартып, Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы өтетін президент сайлауына қатыспасын деп отыр. Қазақстан Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, ескі Конституция бойынша да, қолданыста жүрген Ата заң бойынша да Нұрсұлтан Назарбаевтың 3-ші рет президенттік сайлауға қатысуға құқысы жоқ.
- Мына қазіргі Конституцияның бұзылуына жол бермеу үшін біз күресуіміз керек. Барлығымыз шындықтың жанында болуға тиіспіз деп ойлаймын, - дейді Қазақстан Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин.
Қазақстан коммунистері республика президентінің жолдауынан кейін және президент жанында жүрген азаматтардың бұл жолдауға байланысты айтқан пікірінен кейін осындай мәлімдеме жасауға бел буғанын айтты. Бұдан бұрын президентшіл «Отан» партиясының жетекшілері президент жолдауы сайлау алдындағы тұғырнамаға негіз бола алады деген болатын. Дәлірек айтқанда мұндай ойды «Отан» партиясы төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияев айтқан-тұғын.
- Сайлау алдындағы тұғырнама әлі шығатын шығар. Бірақ, міне осы істелген шарулардың барлығы да сол тұғырнамаға енетіні хақ, - деген еді А.Ермегияв мырза.
Қазақстан Конституциясы талаптарының орындалуын қалап отырған коммунистер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельциннен үлгі алып, қызметінен өз еркімен кетсе дегенді айтады. Назарбаев келесі өтетін президент сайлауына қатыса ала ма деген сұраққа Азаттық радиосына берген жауабында Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі Болат Байқадамов Нұрсұлтан Назарбаев ол сайлауға қатысуға толық құқы бар дегенді айтты:
- Коммунистердің айтқаны дұрыс емес. Әр мемлекеттің заңы бөлек. Ресейдің, Қырғызстанның, біздің заңдарымыз бөлек. Біздің заң бойынша, біздің президенттің үшінші рет сайлауға қатысуға құқығы бар, оған қарсы заң жоқ.
Ал Қазақстан коммунистері қолданыстағы Негізгі заң өзгермей, Н.Назарбаев мырза президент сайлауына қатыса алмайды деп санайды. Бірақ, бұл талапты орындамас үшін ресми Астана түрлі әдісті ойластырып, Назарбаев сайлауға тағы түсудің бір амалын табуы мүмкін деген ой айтады Қазақстан коммунистерінің серкесі Әбділдин:
- Егер президенттің айтуымен парламент Конституцияны сақтайтын болса, онда сайлау 2005 жылы желтоқсанның 4 күні өтуі тиіс.
Кейбір бақылаушылардың болжамы бойынша президент сайлауы үстіміздегі жылы өтуі мүмкін. Мұндай ойға «Отан» партиясы төрағасының орынбасары А.Ермегияев та қосылады.
- Сайлаудың қашан өтетініне байланысты заңда бір сәйкессіздік те бар. Егер Конституция бойынша биыл желтоқсан айында болса, президенттің өкілеттігі 7 жыл деп көрсетілген. Меніңше, Конституциялық Кеңес арқылы кеңесіп, президенттің өзі бір шешім қабылдауы тиіс. Сондықтан, бұл сайлаудың биыл өткені жөн сияқты. Барлық жағынан сайлаудың биыл өтерлік жөні бар, - деді А.Ермегияев Азаттық радиосына.
Ал Қазақстанның Конституциялық кеңесі мен Орталық сайлау комиссиясындағылар осы мәселе жайында Азаттық радиосының қойған сауалдарын жауапсыз қалдырды.