Әлихан Бәйменов бастаған топ шұғыл түрде партия съезін өткізуге асығып отырса, Болат Әбілов, Ораз Жандосов және Алтынбек Сәрсенбайұлы керісінше, алдымен жер-жерде кең көлемді талқылау өткізуді, содан кейін барып өз араларында орын алған келіспеушілікті партияның форумына шығаруды ұсынып отыр.
“Республика” басылымында жарық көрген “Теке-тірес” атты мақалада бүгінгі таңда екіге бөлінген “Ақ жол” партиясының конформистік тобы мен радикалды қанатының арасындағы теке-тірестің бірте-бірте партияны бақылауға алу үшін күреске айналып бара жатқандығы хабарланыпты. Мақала авторының айтуынша, бұл теке-тірестің барлық жауапкершілігі ендігі уақытта Әлихан Бәйменовтың мойнына жүктеледі.
Оның себебін автор Ә.Бәйменов бастаған топтың шұғыл түрде құрылтай өткізуге асығып отырғандығымен, ал партияның тең төрағалары Болат Әбілов, Ораз Жандосов және Алтынбек Сәрсенбайұлы болса керісінше, алдымен жер-жерде кең көлемді талқылау өткізуді, содан кейін барып өз араларында орын алған келіспеушілікті партияның форумына шығаруды ұсынып отырғанымен байланыстырып өтіпті.
Газет тілшісінің хабарлауынша, ендігі уақытта Ә.Бәйменов соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып, кезінде өзі таңдаған партияның аймақтардағы басшыларына ықпалын жүргізуді көздеп отыр. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, Әлихан Бәйменов пен Людмила Жулановаға бүгінгі уақытта президентке қарайтын бұқаралық ақпарат құралдары бұрын-соңды болмаған қолдау көрсете бастаған.
Газет тілшісінің хабарлауынша, аймақтардағы Ә.Бәйменовтің ықпалындағы партияның мүшелері жасырын түрде жиын өткізген. Мысалы, Павлодар облысындағы сондай жиындардың бірі көлік жуатын тұрақта өткен және мұндай жиынның өтетіндігінен “Ақ жол” партиясының көптеген мүшелері хабарсыз болып шыққан. Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, егер де Ә.Бәйменов жеңіске жетсе, партияның жалғыз басшысы болып қалады, жеңіліс тапса - демократиялық оппозицияның ішіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді өкілі болып жүре береді.
Бұл тақырыпқа айрықша назар аударған “Жас Алаш” басылымында жарық көрген “Ортақ сценарий” атты мақалада “Ақ жол” партиясының Қарағанды облыстық кеңесінің төрағасы Айтқожа Фазыловтың аймақтағы өз әріптестерінің наразылығын туғызып отырғаны баяндалыпты. Мақаладағы кеңес мүшелерінің келтірген дәйектеріне сүйенсек, Айтқожа Фазылов партия жарғысын өрескел бұзған, партия органдары қабылдаған шешімдерге қарсы әрекет жасаған, басшылыққа айып тағып, ғайбат сөздер айтқан.
Газет тілшісінің хабарлауынша, ақпанның 22-күні “Ақ жолдың” облыстық кеңесінің 25 мүшесінің 13-і партия жарғысын сақтап, жиын өткізуді ұйғарыпты. Ал, А.Фазылов болса кеңес мүшелерін облыстық филиалдың ғимаратына жолатпай қойыпты. Бірақ, соған қарамастан, кеңес мүшелері жоспарланған отырысты өткізіп, облыстық кеңес мүшелерінің басым көпшілігінің қолдауымен жоғарыда аты аталған себептерге байланысты А.Фазыловтың өкілеттігін тоқтату туралы шешім шығарыпты.
“Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы “Алма-Ата инфо” басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы демократиялық күштерді үйлестіру кеңесінің жұмысына бірде-бір рет қатыспаған Әлихан Бәйменов бастаған топтың басқалардың көмегінсіз саяси реформаларды алдыға жылжытамыз деген сөздерінің шындыққа сәйкес келмейтіндігін тілге тиек етіпті.
Алтынбек Сәрсенбайұлының айтуынша, Украинада оппозиция өз қатарына барлық демократиялық күштерді біріктіре алғандықтан ғана жеңіске жетті. Сондай-ақ, А.Сәрсенбайұлы 2003 жылы өзінің республика президентіне елдегі оппозицияны қудалаудың жақсылыққа әкелмейтінін ескертіп хат жазғанын, алайда президент оның әлі уақыты келмегендігін айтып жауап бергенін де айтып өтіпті. А.Сәрсенбайұлын өз еркімен отставкаға кетуге мәжбүр еткен де осы оқиға көрінеді.
“Жұма-таймс/Дата недели” апталығында жарық көрген журналист Ермұрат Бапидың “Достар мезеті” атты мақаласы да “Ақ жол” партиясында орын алып отырған теке-тіреске арналыпты. Автор өз мақаласында "Әлихан деген әрінен әспеті төгілген жігіттің айрандай ұйыған ұйымның ұйқы-тұйқысын шығарғандығына" өкініш білдіріпті. Бұдан соң Ермұрат Бапи Бәйменовтың “мен де демократияға ден қойғанмын, демократияға ден қоюға мен де құштармын” дегенімен, сөзі мен ісінің арасында алшақтықтың бар екендігін мысалға келтіріпті.
“Үйлестіру кеңесін құрды - Әлихан жоқ. Жаңа Конституцияның жобасын жасады - Әлихан жоқ; Ғалымжанға араша түсіп, митингіде сөз сөйледі - Әлихан жоқ; “Әділ Қазақстан – үшін” деп қозғылыс құруды бастады - Әлихан жоқ” деп тізе келе, журналист Бапи бұл жоқтың артында не жатуы мүмкін деген сауал қояды. Автордың айтуынша А.Сәрсенбайұлы туралы да елдің арасында түрлі әңгімелер айтылғанымен, оның халықты билікпен жағаласуға шақырып жүргенін жоққа шығаруға болмайтынын тілге тиек етіпті.
“Назарбаев пен оның билігін сынап жүрген екі адам болса, соның бірі - Алтынбек. Ал, Назарбаев - өз басынан сөз асыртпайтын адам” деп жазады журналист Ермұрат Бапи.