Accessibility links

Пәкістан президенті Первез Мушарраф өзінің Орталық Азия елдеріне сапарын Өзбекстаннан бастады


Пәкістан президенті Первез Мушарраф өзінің Орталық Азияға алғашқы сапарын жексенбі күні Өзбекстаннан бастады. Бүгін түске таман президент Мушарраф Тәшкенде президент Кәрімовпен кездеспек. Сыртқы істер министрлігінен хабарланғанындай, осы кездесуде Өзбекстан мен Пәкістан арасында лаңкестікке қарсы өзара ынтымақтастық келісіміне қол қойылмақ. Көне қала - Самарқандта болғаннан кейін Первез Мушарраф дүйсенбі күні Қырғызстанға сапар шекпек.
XS
SM
MD
LG