Accessibility links

Сирия басшылығы осы елдің Ливандағы әскери қосындары екі ел арасындағы шекаралық аймаққа апарылатыны жайлы мәлімдеді


Сирия президенті Башар ал-Ассад сенбі күні парламентте сөйлеген сөзінде Сирияның Ливандағы әскери қосындары екі ел арасындағы шекара аймағына екі кезеңде апарылады деп мәлімдеді.

- Біз өзіміздің барлық күштерімізді алдымен Бека алқабына, кейін Сирия-Ливан шекарасына алып қайтамыз. Осы жоспарды талқылап, шешу үшін алдағы аптада бірлескен жиын өткізуді мен Ливан президенті Эмил Лахудпен келісіп қойдым. Сонымен, біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1559 Тайиф шартын толығымен орындайтын боламыз, - деді Сирия президенті Башар.

Бірақ, президент Башар ол шараның уақыты және әскерді Сирия аумағына толық әкетудің нақты мерзімі жөнінде ештеме айтпады. Сирияның 1976-жылдан бері Ливанда ұстап отырған 14 мыңдай әскерін АҚШ бастаған халықаралық қауымдастық ол елден алып кетуін талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG