Accessibility links

Ауғанстанның Паншжер алқабында ауыр қарудың соңғы 115 данасын БҰҰ-ының өкілдігі тәркіледі


ҚАБЫЛ. БҰҰ-ның қолдауымен Ауғанстандағы Тәлібан қозғалысына қарсы тұрудың тірегі болған Паншжер алқабында жүзеге асырылып жатқан дала қолбасыларын қарусыздандыру науқаны барысында бүгін ең соңғы ауыр қару тәркіленді. БҰҰ-ының Ауғанстандағы жаңа бағдарламасының жетекшісі Рик Гранттың бүгін хабарлағанындай, жалпыұлттық қарусыздандыру науқаны осы жылдың маусымына қарай аяқталмақшы. Оның атап көрсетуінше, ауыр қарудың қаңтар айынан бері Паншжер алқабында табылған ең соңғы 115 данасын жұма күні БҰҰ-ының өкілдігі тәркілеп, залалсыздандырған қару-жарақ Ауғанстанның ұлттық армиясы күзетіне тапсырылды.
XS
SM
MD
LG