Accessibility links

П.Мушарраф өзбек лаңкестерінің Пәкістанды дайындық базасына айналдыруға өзінің жол бермейтінін айтты


ТАШКЕНТ. Өзбекстанға ресми сапарының барысында бүгін Пәкістан президенті Первез Мушарраф өз елінің Ауғанстанға жақын шекара аумағында өзбек лаңкестерінің орын тепкенін мойындады. Бірақ, генерал Мушарраф өзбек лаңкестерінің Пәкістанды дайындық базасына айналдыруға өзінің жол бермейтінін мәлімдеді. Өткен жылы Пәкістанның Уазірстан өлкесінде болған шайқаста «Өзбекстанның ислам қозғалысы» тобының көсемі жараланып, тіпті қолға түсе жаздаған еді. Осы қозғалыс 90-ыншы жылдардың соңында Өзбекстанға бірнеше рет шабуыл ұйымдастырды. Өзбек президенті И.Кәрімов П.Мушаррафқа оның әлгі сөзі үшін рахмет айтты.
XS
SM
MD
LG