Accessibility links

АҚШ-тың бұрынғы президенті тағы да операцияға жатты


НЬЮ-ЙОРК. Бүгін Нью-Йорк ауруханасында АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның жүрегіне операция жасалмақшы. Дәрігерлер осыдан алты ай бұрын 58 жастағы экс-президенттің жүрегіндегі қан тамырларын кеңейту мақсатында жасалған операциядан кейін, кеудесінің сол жағында жиналып қалған сұйықты жоймақшы. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, жүрекке жасалған ашық операциядан кейін әлгіндей сұйықтың жиналуы жиі байқалады және ол сұйықты жою онша қауіпті емес көрінеді.
XS
SM
MD
LG