“Жас Алаш” басылымының бейсенбі күнгі санында бірқатар саяси партия өкілдерінің Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткізіп, “Әділетті Қазақстан” жалпыхалықтық сайлау алды қозғалысының құрылғанын мәлімдегені хабарланыпты. Газет тілшісі соңғы жылдары Қазақстанда президент билікті басқа біреуге беріп кетеді екен деген әңгімелердің жиі айтылып жүргенін де тілге тиек етіпті.
Алайда, “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлының пікірінше, ондай әңгімелердің бәрі де қоғамдық пікірді адастыру үшін әдейі таратылып отыр. “Президент ешқашан да биліктен өз бетімен бас тартпайды, сондықтан басқа адаммен күресеміз деп ойламаймын» дейді “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы.
Сондай-ақ, “Жас Алаш” басылымы Демократиялық Күштерді Үйлестіру Кеңесінің президенттікке ұсынатын үміткердің есімін он күннен кейін белгілі болатынын мәлімдегеніне де тоқталыпты. “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Ораз Жандосов «ол адам осы үстелдің басында отыр» дегенді де айтып салыпты.
Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин “Жұма-таймс/Дата недели” апталығы арқылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауына қатысуға құқы жоқ екенін мәлімдепті. С.Әбділдиннің айтуынша, үстіміздегі жылы көкек айының 24-інде Н.Назарбаевтың билік басына келгеніне он бес жыл толады.
Осыған орай С.Әбділдин Конституция бойынша президенттің екі рет қана сайлауға қатысуға құқының бар екенін айта келіп, Н.Назарбаевтың бес жылдық мерзімде үш рет, ал жеті жылдық мерзімде екі рет сайланғанын атап өтіпті.
Сол себептен де С.Әбділдин мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың президент сайлауына қатысуға хақы жоқ деп есептейді екен. Әбділдиннің пікірінше, елді басқарған уақыт ішінде мемлекет басшысы, миллиондаған қазақстандықтарды кедейшілікке ұшыратқандықтан және оның есімінің “Қазақгейт” ісімен тығыз байланысты болып тұрғаны себепті, Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауына түсуге моральдық құқы да жоқ.
Америкада өмірлік абақтыға кесілген қазақ қызы Әсел Әбдіғаппарованың тағдыры да бейсенбі күні жарық көрген басылымдардың баса назар аударған тақырыптарының біріне айналыпты.
“Жас Алаш” басылымында жарық көрген Азаттық радиосының тілшісі Ержан Қарабектің мақаласында Әсел Әбдіғаппарованың наурыздың 2-күні өмірлік абақтыға кесілгендігі хабарланыпты. Мақала авторының айтуынша, Әсел отыз күннің ішінде адвокаттарына 75 мың АҚШ долларын жинап беруі керек, әйтпесе, оның ісі қайта қаралмай қалады.
Сондай-ақ, осы мақалада Әселдің ісінің бір ерекшелігі - полицияға өз еркімен келіп, істеген қылмысы жайында өзі айтып берсе де, АҚШ заңының бір ерекшелігін білмеген: «Қылмысты ашуға жол көрсеткенім үшін жазадан босатыңдар” деп талап қоймаған, тиісті келісім жасамағаны да айтылыпты.
Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, Ә.Әбдіғаппарова енді қырық жылдан соң мерзімінен бұрын шығу мүмкіншілігін ала алады. Төрешінің айтуынша, Әсел тергеу кезінде үш жарым жыл отырды, енді 36 жылдан соң ғана үкімін қайта қарау мүмкіншілігі беріледі.
“Комсомольская правда” газетінің “Қазақстан” қосымшасы болса бұл оқиғаның қалай болғанының мән-жайын баяндапты. Мақала авторының хабарлауынша, бұл оқиға 2001 жылы Сант-Антонио қаласында орын алған. Атап айтқанда, сол күні кешке оған және оның күйеуі Римон Фернандеске Сантос Минарес деген танысы келген. Испан тілінде сөйлескен олар бір жаққа баруға келіскен.
Жолда олар көлікке 37 жастағы Роза Россаданы отырғызған. Розаны қонақүйге күштеп кіргізген олар, алдымен оны бірнеше рет зорлап, кейіннен қылқындырып өлтірген. Қатты үрейленген Ә.Әбдіғаппарова олардың айтқандарының бәрін де бұлжытпай орындап отырған. Бірнеше күн өткеннен кейін Әсел болған оқиғаның барлығын да полицияға айтып берген.
Кейіннен Роза Россаданы өлтірген Римон Фернандес пен Сантос Минарес ұсталған кезде, олар Ә.Әбдіғаппароваға қарсы түсініктеме берген. Төрт ай өткеннен кейін Ә.Әбдіғаппарова тұтқынға алынып, келесі күні босанып, ұл туады.
Мақала авторының айтуынша, қазіргі кезде Әселдің ұлы оның әке-шешесінің қолында. Сондай-ақ, мақалада наурыздың 19-ы күні шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің наурыз тойын тойлаудың орнына, көшеге шығып, Әсел Әбдіғаппарованың ісін қайта қарау үшін қол жинайтындығы да айтылыпты.
“Казахская правда” басылымы Әсел Әбдіғаппарованың қонақүйге келген кезде, тіркеу қағазына ескерту жазу арқылы бұл өлімнің алдын-алуға мүмкіншілігінің болғанын мойындағанын хабарлапты. Газет тілшісінің айтуынша, Әселдің 17 жасында өз Отанында зорланғандығы және қылмыс орын алған кезде жүкті болуының дер кезінде дұрыс шешім қабылдамауына әсерін тигізуі ықтимал.