Accessibility links

Бүгін Испанияда аза тұту күні


МАДРИД. Бұдан бір жыл бұрын наурыздың 11-інде Мадридте болған террорлық шабуылдан 191 адам қаза тауып, 2000-дай адам жарақат алған-ды. Бүгін осы қайғылы оқиғаның бір жылдығында аза тұтқан Испанияның шіркеулерінде қоңырау соғылды және елде 5 минуттық үнсіздік жарияланды. Бұл террорлық әрекетті Әл-Қаида ұйымына қатысы болған Исламшыл көтерілісшілер өз мойнына алған болатын. Олар Испания әскерін Ирақ пен Ауғанстанға жіберуге қарсы болғандарын білдірген.
XS
SM
MD
LG