Accessibility links

2004 жыл - бірқатар ТМД еліндегі баспасөзі үшін ең ауыр жыл болды.


ВАШИНГТОН. Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан журналистерді қорғайтын халықаралық комитет өз есебінде Ресей мен ТМД елдеріндегі сөз бостандығының ахуалы нашарлағанын нұсқап отыр. Халықаралық комитеттің өкілі Алекс Лупистің мәлімдеуінше, Ресей мен Кавказ республикаларындағы ресми биліктер бара-бара сөз бостандығын аяққа таптап, шенеунектер мен сотқа және полицияға көбірек жүгінетін болды. Комитеттің есебінде Совет Одағының бұрынғы бірқатар республикасында баспасөз үшін өткен жыл коммунизмнің құлауынан кейінгі ең ауыр жыл болғаны атап көрсетілді.
XS
SM
MD
LG