Accessibility links

Қазақ тіліндегі ең үздік драматургиялық шығармаға байқау жарияланды


Наурыздың 15-інен бастап қыркүйектің 1-іне дейін Қазақстанның әр аймағындағы дарынды жастар арасында қазақ тіліндегі ең үздік заманауи драматургиялық шығармаға әдеби байқау жарияланып отыр.

Қазақ драматургиясының бүгінгі жағдайының мәз еместігін айтып отырған өнертанушылардың сөзіне қарағанда, осы сынды байқаулар жас драматургтердің жаңа идеяларын жарыққа шығаруға септігін тигізбек.

Нартай Ескендіров болашақ өнертанушы. Ол бүгінгі оқып жатқан мамандығына тікелей қатысы болғандықтан театрға жиі барып тұратынын айтады. Бірақ, қойылып жатқа қойылымдар көрермен көңілінен, оның ішінде өзінің де көңілінен шықпайтындығын айтып отыр.

- Қазақ сахнасында ең бірінші комедия керек деп ойлаймын. Қазір комедиялар аз қойылады. Көбінесе бұрынғы салт-дәстүр, ұлттық қойылымдар қойылып жатады. Ал қазір адамдар, жұмыстан шаршап, театрда демалғысы келеді. Қазір театрда «Бес бойдаққа бір той» деген жақсы қойылым жүріп жатыр. Қазір сондай туындылар қажет деп ойлаймын.

Кез-келген қойылымның негізін драматург сомдайтыныны белгілі. Осы арада қазақ драматургиясы бүгінгі жас буынның көңілінен шығады ма деген сұрақ туындайды.

- Менің ойымша, бүгінгі күнге байланысты пьессалар жазылмайды. Жазылса да ол қайылмайды. Ал бүгінгі көрерменге бүгінгі күннің тақырыбы өте өзекті.

- Сонда бүгінгі күннің тақырыбы қандай тақырыптар?

- Мәселен, жастар тақырыбы.

- Қазіргі жас көрерменге қандай сахналық қойылым керек?

- Әртүрлі. Мысалы, патриоттық тақырыпта болады. Тек ол режиссерге байланысты. Егер қойылымды рухты, әсерлі етіп шығарса, оны көрген көрермен сол шығарма ішіндегі кезеңде жүрген сияқты әсерде болады.

- Драматургтер көбіне жазып жатқандары 80-ші жылдарғы шығармалары. Біз әлі осы заманға жеткен жоқпыз. Қазіргі драматургтер кәрі. Егерде жастар жазса, олар бүгінгі күннің жағдайын шынайы етіп көрсете алушы еді деп ойлаймын .

Қазақ драматургиясын дұрыс жолға қою мақсатында, Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы қазақ тіліндегі ең үздік қазіргі заманға сай, театрлық драматургиялық шығармаға әдеби байқау жариялап отыр. Байқаудың талабы турасында, аталмыш байқаудың қазылар алқасының мүшесі Аслан Жақсылықов былай деді:

- Бұл жаңа, ешқандай кітіпта жазылмаған, сахнаға қойылмаған шығарма болу керек. Пьессаладың көлемі 3 баспа табақтан аспауы керек. Ең басты талап әрине жоғары сапалы жазылуы қажет.

Айта кететін бір жайт, байқауға қатысамын деушілерге жас жағынан болсын, немесе, тақырып жағынан болсын ешқандай шектеу қойылмайды. Танымал драматург Дулат Исабеков, тақырыптың үлкен кішілігі болмайды. Ең бастысы шығарма көреремен жүрегінен орын алса болғаны дегенді айтып отыр.

- Драманы жазу үшін алдымен талант керек. Техникалық жағын меңгергендерде бар. әселен, кино, телевидениеде жүргендер шығарманы оқып отырған кезде бәрі орын-орында сияқты болады. Ал кино етіп түсірген кезде немесе сахнаға қойған кезде бұл автор не айтқысы келді деген үлкен сұрақтың астына қалып қояда.

Танымал режиссер Болат Атабаевтың сөзіне қарағанда, бүгіндегі ең жас драматургтің жасы 40-та. Сондықтан драматургияны жасарту өте қажет. Ал Дулат Исабековтың пікірінше, бүгінгі жастар дарматургияға қарағанда проза мен поэзияға көп барады.

Наурыздың 15-інен бастап қыркүйек айының 1-іне дейін жалғасатын қазақ тілінде жазылған ең үздік драматургиялық шығармаға жарияланған байқауды ұйымдастырушылар бірінші орынды иеленген талантты жасқа 3 мың АҚШ доллары, екінші орынға 2 мың, ал үшінші орынға 1 мың АҚШ доллары сыйлық ретінде тағайындалатынын айтып отыр.

Ал өз бағын сынап көремін деген барлық дарынды жастар өз туындыларын Алматы қаласы, Абай даңғылы 14, Ұлттық кітапхана орналасқан әдеби байқаудың ұйымдастыру комитетіне жіберуіне болады. Анықтама телефондары 67-28-83 және 67-28-85.
XS
SM
MD
LG