Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Алма Мұрзалимова айтуынша, университеттегі ішкі радионың мүмкіндігі бірінші кезекте студенттерге және университет мұғалімдері мен қызметкерлеріне бағытталған.
- Әр дүйсенбіде жұмыс аптасын Қазақстанның әнұранын тыңдаудан бастаймыз. Мұның патриоттық тәрибеге қосар үлесі зор. Сондай-ақ студенттік радионың мүмкіндігін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауын талқылау үшін белсенді пайдаланудамыз. Бұл студенттер, оқытушылар және қызметкерлер үшін Жолдауда белгіленген міндеттерге, оңтайлы мәселелерге өз пікірлерін білдірулеріне өте ыңғайлы, - дейді ол.
Университетте бухгалтер, есеп және аудит мамандығы бойынша оқып жатқан Айнұр Аманбаеваның пікірінше, студенттік радионың маңызы үлкен.
- Ол студенттерге көмекші және оның одан әрі дамығанын қалаймын. Мұнда ел өміріндегі жаңалықтардан хабардар болып, кейін ол ақпараттарды телеараналар мен радиотораптарынан естіп мағұлматымызды кеңітіп жатамыз. Сонымен бірге студенттер ішкі радио арқылы бір-бірінің туған күндерін де құттықтауға мүмкіндік алып жатады. Бұл өте ыңғайлы жағдай, - дейді студент қыз.
Үшінші курс студенті болашақ экономист Абзал да университеттегі студенттік радионың мәні зор екендігін айтады.
- Әнұран ойланытылып жатқанда біз оны тікемізден тік тұрып тыңдаймыз. Мен үшін бұл мақтаныш сезімді оятады және келешекте де студенттік радионың осы бағытта жұмысын жалғастыруын құптаймын, - дейді Абзал.
Ал, білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекова жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің жаңа үлгісі министрлікте қаралып жатқанын айтады.