Accessibility links

Астанада бірнеше ауданның тұрғындары митинг өткізуді жоспарлап отыр


Астанадағы көп қабатты тұрғын үй салатын компаниялардың берген өтемақысын азсынған еткен бірнеше ауданның тұрғындары митинг өткізуді жоспарлап отыр.

Астана қаласының ескі аймақтарын жаңарту үрдісі көптеген мәселелерді алға тартып отыр. Мысалы, жаңа құрылыстар салу үшін үйлері бұзылатын тұрғындардың алдынан өтемақы мәселесі шығуда. Олар құрылыс компаниялары мен қала басшылығының өтемақы сомасын дұрыс тағайындамауы салдарынан далада қалып қою қаупі туып отырғанын айтып шағынып жүр.

Бірақ, әзірге бос сергелдеңмен күн өткізуде. Сондықтан, Астанадағы көп қабатты тұрғын үй салатын компаниялардың берген өтемақысын аздық еткен жеке меншік үйлердің тұрғындары митинг өткізуді жоспарлап отыр.

Астананың Интернациональная және Гостелло көшелерінің бойындағы 25 үйдің тұрғыны Қазақстан президентіне ашық хат жолдады. Жеке меншік үйлер тұрған жерге «Паритет» атты құрылыс компаниясы көп қабатты үй салмақ болып, тұрғындарға өтемақы ұсынған. Бірақ тұрғындар бұл ақшаға қаладан үй ала алмаймыз деп шағымданып өтемақыны ұлғайтуды сұраған.

Өйткені, құрылыс компаниясы жеке меншік үйлердің ең кішісін не бәрі 28 мың долларға бағалаған. Ал, жеке меншік үйлерде бірнеше отбасынан тұрады. «Егер, біз осы азғантай қаржыға көнсек, қаланың шет пұшпағынан өте тар, қолайсыз пәтер алуға ғана шамамыз жетеді, онда да оған отбасы мүшелері сыймайды» дейді тұрғындар.

Тұрғындардың бірі Татьяна Кареева, құрылыс компаниясы көбірек қаржы талап еткен тұрғындардың өтініштеріне, «сендерге мүлде қаржы бермей қоюымыз мүмкін, егер өз еріктеріңмен көшпесеңдер құрылыс алаңына қазық қаққан кезде үйлерің өздігінен-ақ қирай бастайды», деп қорқытып отыр дейді.

Ескі үйлерді ысырып жатқан «Паритет» атты құрылыс компаниясының бастығы Жамалиевпен тілдесуге мүмкіндік болмады. Ал, Астананың тұрғын үй департаментінің маманы Ольга Кирилинаның айтуынша, Интернациональная және Гостелло көшелерінің бойындағы үйлердің тұрғындарына өтемақы базар бағасына сәйкес белгіленген дейді.

Құрылыс компаниясының шешіміне наразы болған тұрғындар лицензиялары бар тәуелсіз сарапшылардан үйлерінің құнын сұраған. Нәтижесінде, олар берген баға құрылыс компаниясы ұсынған қаржыдан бірнеше есе артық болып шыққан. Тұрғындардың бірі Татьяна Карееваның айтуынша, өз құқықтарын қорғау үшін бірнеше ауданның тұрғындары митинг өткізуді жоспарлап отыр.

Астана әкімінің құрылыс саласына жауапты орынбасары Мамытбеков уақыт тығыздығын айтып, сұқбат беруден бас тартты. Ал, Астананың тұрғын үй департаментінің маманы Ольга Кирилина жоғарыда аталған көшелердегі 25 үйдің 10-шақтысы өтемақы көлеміне келіскен, ал, қалғандарымен мәселені сот арқылы шешеміз, дейді.

Наразылық акциясын бастағалы отырған Астана тұрғыны Татьяна Карееваның айтуынша, Қазір 25 үйдің тұрғындары сотқа сенуден қалған, сондықтан, митинг өткізіп, аштық жариялап, одан нәтиже шықпаса өздерімізді өртейміз деп отыр.

Астананың Интернациональная және Гостелло көшелерінің бойындағы 25 үйдің тұрғыны Қазақстан президентіне жолдаған хатта құрылыс жүргізуге жауапты мекемелер бір біріне сілтеп мәселемізді әдейі шешпей отыр, сондықтан, өзіңіздің араласуыңызды сұраймыз деп жазыпты.
XS
SM
MD
LG