Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Пәкістан мен оның президентін мақтады.


ИСЛАМАБАД: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райстың мәлімдеуінше, Вашингтон ядролық технологияларды шетелге сату мақсатында пәкістандық ғалым Ханның құрған құпия жүйесін Исламабад жояды деп күтеді. Пәкістан қаһарманы болып табылатын әлгі ғалым өткен жылы Иран, Ливия және Солтүстік Кәрейге ядролық технологияларды сату үшін құпия жүйені пайдаланғанын мойындаған болатын. Исламабадта өткізген баспасөз-маслихатында К.Райс Пәкістан мен оның президенті Первез Мушарраф жөнінде жақсы пікір білдірді. Оның атап көрсетуінше, Пәкістан өткен бірнеше жылда ұзақ жолдан өтті, оның ішінде білім беру мен басқа да салалардағы жемісті реформаларды жүзеге асыруға президент П.Мушарраф пен оның кеңесшілері және бүкіл Пәкістан халқы үлес қосты.
XS
SM
MD
LG