Accessibility links

Чубайсқа қастандық жасаған күдікті ұсталды


Ресей ресмилері мемлекеттік электр компаниясының басшысы Анатолий Чубайсты өлтірмекке қастандық жасады деп күдіктелген адам ұсталғандығын растауда. Ресей ақпарат көздерінің хабарлауынша күдіктелген отставкадағы аскери офицер болса керек. Бірақ бұл жөнінде ресми нақтыланған жоқ.

Бейсенбі күні Чубайстың машинасы өтіп бара жатқан жерде қатты жарылыс болып, ағаш артына жасырынғандар оқ жаудырғанда, ол аман қалған болатын. Анатолий Чубайс постсоветтік кезеңде Ресейдегі жекешелендіру ісін бастап, басқарған белгілі тұлғалардың бірі.
XS
SM
MD
LG