2000 жылдың 8-қарашасында сол кездегі бас прокурор Юрий Хитрин ашып, қозғау салған қылмыстық іс ақырына дейін жетпей кері бағыт алып, әділдік іздеуші аналар өздері қуғын көргендерін айтады. Олар үкімет басшысына, парламент депутаттарына шағымданғанымен бас прокуратура тарапынан қозғау болмай отырғанына назалы.
Парламент депутатарынан құралған комиссия да аналардың талабы дұрыс деген шешім шығарған. Балаларына тиесілі жәрдемақысын талап еткен 300 ананың атынан Астанаға келген өкілдер екі апта көлемінде талаптары орындалмаса өздерін-өздері өртеуге дейін баратындарын айтып отыр.
2000 жылдың күзінде «Әділет» қоғамдық ұйымының төрайымы Ұлмекен Саидова араласқан мәселе бойынша бас прокурор Юрий Хитрин Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы барып, 4 мың анаға тиесілі 43 миллион теңге жәрдемақыны анықтап, оған кінәлілерді жауапқа тартуға кіріседі.
«Әділет» қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысындағы бөлімшесінің төрайымы Нәрипа Асанованың айтуынша, сол қаражаттың 18 миллионы қайтарылмай, аналардың қорғаушысы Ұлмекен Сайдова қуғынға ұшырап отыр. Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Сәулебек Жәмкенұлының айтуынша, бұл мәселенің жалғасып келе жатқандығына біраз уақыт болды. Мұны бас прокуратура қадағалап отыр. Оны негізгі шешетін буын жергілікті жердегі орындаушылар дейді ол.
«Әділет» қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысындағы төрайымы Нәрипа Асанова соңғы бес жылда Парламент Мәжілісінің 30 депутаты қол қойып Бас прокуратураға жіберген депутаттық сауалдары және төрт депутаттан тұратын комиссияның екі шешімі де орындалмай отырғандығын айтады.
Парламент Мәжілісінің комитет төрағасы Серік Әбдрахманов осы іспен тікелей өзі айналысып отырғандығын, Оңтүстік Қазақстан облысының құқық қорғаушылары әйелдерге үлкен қысастық жасап отырғандығын кінәлейді. Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Әбдрахманов осы жайға байланысты Бас прокурор Рәшид Түсіпбековтың атына депутаттық сауал жолдады.
Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Сәулебек Жәмкенұлы депутаттық сауалға байланысты текеру мерзімі аяқталған соң жауабы уақытында берілетіндігін айтып отыр «Әділет» қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысындағы төрайымы Нәрипа Асанова бұған дейін де Астанаға екі мың ананың өкілдері үш рет келгендігін ендігі жерде екі апта көлемінде мәселе оң шешімін таппаса өртену акциясын жасайтындықтарын мәлімдеді.
Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Әбдрахманов болса, жәрдемақының берілмеуінің артында сыбайлас жемқорлықтың тұрғандығын әйелдер талаптары орындалмаған жағдайда өртену акциясын жасауға шешім қабылдаса өзінің де қолдайтындығын айтып отыр.
Бәйдібектік аналар екі апта ішінде Президенттің қабылдауын және екі мың көп балалы ананы әбігерге салған бас прокурор Рәшид Түсіпбековтың қызметтен кетуін талап етіп отыр. Өйткені әйелдер өздеріне қатысты істің барлығын бақылауда ұстап отырған кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры болған Ілияс Бақтыбаевты бас прокурор қорғаштап отыр деген айып тағады.