Оның сыртында, мектептерде бастапқы әскери дайындық сабақтары аптасына 5-6 рет өтетін арнайы сыныптар ашылды. Болашақта, Қазақстан облыстарында аталған пән бойынша тереңдете білім беретін мектептер ашу жоспарланды. Қазір, мұндай мектеп Қостанай облысында ғана бар. Бірақ, бастапқы әскери дайындық мұғалімдері бағдарлама жаңартылғанымен, сабақтарды өткізуге қосымша қаражат ескерілмеген деп отыр.
Амангелді Ерекешев запастағы подполковник. Әскери және заңгер білімін алған маман қазір запастағы офицерлердің біліктілігін көтеріп, әрі жоғары сынып оқушыларына бастапқы әскери дайындық пәнінен сабақ береді. Армияға 32 жыл қызмет етіп келе жатқан маман әскерді ішінен де сыртынан да білемін дейді. Запастағы подполковник Амангелді Ерекешевтің айтуынша, бастапқы әскери дайындық бағдарламасы жаңартылғанымен, сабақтарды өткізуге қосымша қаражат ескерілмеген:
- Бағдарламада автомат жинау деген сөз бар, бұрын оларды әскери комиссариаттан алатын едік. Бағдарлама қалды, ал, материалдық қор жоқ. Тирлердің бәрі кетті. Қысқасы оларды сатып жіберген.
Бірінші сыныптан бастап тек беске оқып келе жатқан Астанадағы 27 мектептің 9 сынып оқушысы Айжан Жанабаеваның айутынша, бастапқы әскери дайындық пәндерін көбейтудің қажеті шамалы:
- Мысалы маған керек емес, ал, ұлдарға керек болуы керек. Сабақта бізге көбінесе тәжірибе ретінде емес, теория жөнінде өткізеді. Суреттермен, кестелермен көрсетіп, лекция жазғызады. Оқулық тек мұғалімде болады.
Запастағы подполковник Амангелді Ерекешевтің айтуынша, мектептегі бастапқы әскери дайындық пәні үшін жасалған жаңа оқулықтардың мұқабасы жақсы безендірілгенімен мазмұны қисынсыз:
- Ішінде көп керек емес азттар жазылған. Мысалы кейбір терминдер оқушылаорға керек емес, олар тек әскери училищелерде керек.
«Патриоттар» партиясы төрағасының орынбасары запастағы генерал Айтқали Есенқұлов ертеректе мектептерде бастапқы әскери дайындық пәнінің сағаттарын ұлғайту қажет, деген ұсыныс жасаған адамдардың бірі. Запастағы генерал Айтқали Есенқұловтың айтуынша, көп ұзамай Қазақстан сарбаздары әскери борыштарын келісім-шарт бойынша өтейтін болады.
- Қазір кәсіби армияға өтетін деп жатырмыз, ал, өткенсоң қалған халық дайын болу керек. Соғыс, бірдеңе болып қалса, халық қорғау керек отанды.
Астанадағы Еуразиялық университетінің философия пәнінің мұғалімі Сейфолла Сапановтың айтуынша, бастапқы әскери дайындық сағаттарын ұлғайтып, запастағы офицерлерге жұмыс орындарын беру қажет:
- Кеңес одағы кезінде көп болған бұл сабақтар. Кейін тіпті алып тастаған. Қазір, қайтадан өмір көрсетіп жатыр керек екендігін. Қазір, көптеген запастағы офицерлер жұмысссыз жүр, олардың тәжірибесі керек.
Бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Амангелді Ерекешевтің айтуынша, запастағы офицерлер мектепке жұмысқа келетіні екі талай:
- Мен танитындарымды шақырдым. Олар 15-20 мың тіпті коммуналды қызметтерді өтеуге жетпейді деп отыр. Ендігі жылда армиядағы қызмет бір жылға қысқарады. Ал, ол тәжірибе аз болады. Егерде, кәсіби армия болса, онда бастапқы әскери дайындықтың өскені өте орынды болады.
Астанадағы Еуразиялық университетінің философия пәнінің мұғалімі Сейфолла Сапановтың айтуынша, бастапқы әскери дайындық сағаттарын армия насихаты үшін, мәндетті түрде ұлғайту қажет:
- Жастардың көбі бармайды. Балалардың кәсіби шеберлігі болу керек. Ешқандай милитаризация жоқ. Бұл жерде мақсат- қазіргі армияның ролін көтеру. Мысалы қазір, әскерге бармаған жігіттерді қауіпсіздік, басқа да органдар алмайды.
Оның сыртында, білім министрлігі мектептерде бастапқы әскери дайындық сабақтары аптасына 5-6 рет өтетін арнайы сыныптар ашты.