Accessibility links

Қырғыз елбасы Ақаев сайлаулар барысындағы заңсыздықтарды зерттеуге шақырып отыр.


Қырғызстанда қарсылық шаралары одан әрі жалғасуда. Теке-тірестерді жұмсарту мақсатында елбасы Асқар Ақаев дүйсенбі күні Орталық сайлау комиссиясы басшысымен және Жоғарғы сот басшысымен кездесті. Кездесу барысында Парламенттік сайлаулар кезінде орын алған заңсыздықтарды зерттеуге ол бұйрық берді. Ұлттық теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Ақаев мырза өткен сайлау қорытындыларын қорғауға тырысты.

Қырғыз оппозициясы болса барлық сайлау қорытындыларының жарамсыз деп танылып, өкіметтің оппозиция күштерімен келіссөздерді бастауын қалауда. Сондай-ақ олар елбасылықтан Ақаевтің кетуін талап етіп келеді. Мыңдаған шерушілер қазіргі кезде Жалалабад, Ош, Талас қалаларындағы маңызды ресми ғимараттарды бақылауларында ұстап отыр.
XS
SM
MD
LG