Астанадағы ұлттық тестілеу орталығының бастығы Тахир Балықбаевтың айтуынша биыл ұлттық тестілік сынақ 7-ші рет өткізілгелі отыр. Оған ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, ұлттық қауіпсіздік комитеті, БАҚ өкілдері қатысып, сынақтың өтуін қадағалай алады. Қаладағы №29 мектептің оқушысы Айгүл Мамырованың айтуынша, аталмыш мектепте тестілік сынаққа дайындық жұмыстары басталып кеткен екен. №7-ші мектептің оқу үздігі Іңкәр Қылышева биыл университетке қабылдаудың орташа көрсеткіші 50 ұпай деп көрсетіліп отырғандығын айтады.
Парламент Сенатының депутаты Әбіш Кекілбай ұлттық тестілік сынақ оқушының білімін емтихандағыдай толық көрсетіп бере алмайды. Оны қайтадан бұрынғы қалпына келтіру қажет деген ойын айтты. Бірақ, кейбір мамандардың пікірі керісінше. Астанадағы «Руханият» орталығының бастығы Тоқтасын Өмірзақов әр заманның өз оқыту тәсілі, талабы бар деген уәж айтады.
Ал Ұлттық тестілеу орталығының бастығы Тахир Балықбаев өткен жылы 180 мың мектеп бітіруші бір күнде сынақ тапсырып, оның нәтижесін сол күні білгенін атап көрсетеді. Оның айтуынша, мамандар жылма-жыл жұртшылықтың сын-ескертулеріне орай сынақ жұмысын ширата түскен көрінеді.