Accessibility links

Украина мен Болгария осы жылдың аяғына қарай Ирақтағы өз әскерлерін шығарады


Қазір Ирақтағы Польша басқаруындағы бейбіт күштердің қатарында Болгарияның 462 жасағы бар. Украина президенті В. Ющенко кеше Ирақтан әскерлерін шығару жөніндегі шешімге қол қойды. Ирақта Украинаның 1700-ге таяу жасағы болса, олардың 130-дан астамы өткен аптада елдеріне қайтып оралған болатын.

Дегенмен де Украинаның ұлттық қауіпсіздік жане қорғаныс кеңесшісі Петро Порошенко Украина Ирақта желтоқсанда болатын сайлау кезінде қолдау көрсетуге тырысады деп айтқан. Біз коалициядағы аріптестерімізбен ақылдаса келіп, әскерлерді Ирақтан шығарудың соңғы мерзімі қазан айы, болмаса қараша, желтоқсан бола ма соны анықтайтын боламыз деген.

Ал Румынияның қорғаныс министрі Теодор Атанасию Румыния күштері Ирақта қызмет етуге қаншалықты қажет болса сонша мерзімге қалады деп айтқан. Ирақтағы Румыния жасақтары 700-дей болады.
XS
SM
MD
LG