Accessibility links

Ирақта көтерісшілер қосы талқандалды


Ирақ арнаулы полиция жасағы ауыр шайқастан кейін бүгін Бағдад түбінде көтерілісшілердің дайындық базасын басып алды. Тартар көлінің маңындағы қосты шабуылдауын Ирақ полициясы кеше бастаған болатын, операцияға АҚШ әуе және жаяу әскер жасақтары көмектесті. Ирақ әскерінің өкілі шайқас барысында 80 көтерілісші және Ирақ полициясының 12 сарбазы қаза тапты деді. АҚШ әскерінің өкілі болса, шайқас барысында Ирақ полициясының жеті сарбазы қаза тапты, алтауы жараланды, көтерілісшілердің арасында шетелдік азаматтар табылды деді.
XS
SM
MD
LG