Accessibility links

АҚШ елшісі Алматыда журналистермен кездесті


Сәрсенбі күні Алматыда Қазақстандағы АҚШ тың өкілетті әрі төтенше елшісі Джон Ордвей қазақстандық және осы елдегі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

АҚШ елшісі ең әуелі соңғы күндері Қазақстанмен көршілес Қырғызстанда болып жатқан жағдайға байланысты АҚШ өкіметінің ұстанымы жайында журналистер қауымын хабардар етті.

Елші Дж.Ордвей Бішкектегі АҚШ елшілігі және Вашингтондағы мемлекеттік департамент тарапынан алынған соңғы хабарларға сілтеме жасай отырып жуырда Қырғызстанда өткен парламант сайлауында кейбір оңды қадамдардың болғанына қарамастан сайлау барысында көптеген кемшіліктерге жол берілгендігін айтты.

Соған байланысты соңғы күндері Қырғызстандағы жағдайдың ауыр екендігін айтқан АҚШ елшісі Дж.Ордвей АҚШ өкіметі басқадай мемлекеттер және халықаралық ұйымдар мен бірге Қырғызстандағы жағдайдың тезірек тұрақтанып, қалыптасуын, қандайбір зорлық зомбылық, күш көрсетілудің болмауын қалайды деді.

Ең дұрысы Қырғыз өкіметі мен оппозиция арасында маңызды келіссөздер жүріліп екі жақ ортақ келісімге келсе деген тілегіміз бар деді АҚШ елшісі. Оның айтуынша бүгінгі күні Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым қатынас жақсы дамып келеді. Екі ел арасындағы қарым қатынасты екі елге де пайдалы, өте маңызды қарым қатынас дер едім деді АҚШ елшісі.

Жалпы, Қазақстан өкіметін кім басқарса да біз сол өкіметпен ғана жұмыс істейтін боламыз. Бірақ, ол өкімет демократиялық жолмен билікке келген, халықаралық заңдылықтар шеңберінде жұмыс істей алатын өкімет болуы керек деді АҚШ елшісі Дж.Ордвей.

АҚШ елшісі Қазақстанда «Сөз», «Республика» қатарлы оппозициялық бағыттағы газеттердің билік тарапынан жабылып, ал кейбір журналистердің түрлі қудалауға ұшырауын бұл үлкен қателік деп есептейтіндігін айтты.

Ал оппозициялық күштер тарпынан жуырда ғана құрылған «Әділетті Қазақстан үшін» атты демократиялық қозғалыс туралы не ойлайсыз, сол қозғалыстың жетекшіліерімен байланысыңыз бар ма деген сұраққа АҚШ дипломаты Джон Ордвей «біз Қазақстандағы барлық саяси күштермен бірдей байланыста болғымыз келеді, олардың арасында, әрине, президент қолдауына ие «Отан» партиясынан бастап барлық оппозициялық партияларға дейін бола алмақ» деді.
XS
SM
MD
LG