Екі адамның өмірін қиған оқиға Алматының Абай мен Манас көшелері қилысында 10 сағат 45 минутта болған. Алматы қалалық ішкі істер баспасөз қызметінің маманы Абай Омаровтың айтуынша, шабуылшылардың саны 3 адам болған, олар бір қап ақшаны алып, қашып кеткен:
- Біреуі көлік жүргізушісі, ал екеуі инкассатор болған. Осы үш азаматқа шабуылшылар оқ атқан, осының салдарынан екі инкассатор жігіт қаза тапты, ал жүргізуші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Шабыл жасағандар ақша алып кеткен, қазіргі кезде олардың қанша ақша алғаны анықталып жатыр.
Қазіргі кезде полиция сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізіп, оқиғаны өз көзімен көрген куәгерлерге сурау салып жатыр. Ал инкассаторлар ақша алып келген «Шыңғыс» ақша айырбастау орны жұмысын тоқтатып тастаған.
Алматыда бұған дейін осыған ұқсас оқиға 2001 жылдың мамыр айында орын алып, оның салдарынын «ТуранӘлем» банкінің бір инкассаторы қаза тапқан еді. Мұндай оқиғаның алдын алу үшін қауіпсіздікпен шұғылданатын ұйым өкілідері, қауіпсіздік шараларын қатаңдататынын айтып отыр.
Негізінде, Алматыда мұндай жұмыспен шұғылданатын 4 мекеме бар. Сондай мекеменің бірі «Транс секюрити» компаниясының директоры Алексей Самойловтың айтуынша, олар қауіпсіздік шарасын қатаңдатқан сайын, инкассаторларға шабуыл жасағысы келетін азаматтар өз амалдарын күшейте түседі:
- Біз барлық ережені сақтауға тырысамыз, бұл мақсатта біз айтарлықтай еңбектенеміз. Ішкі қауіпсіздік, сыртқы қауіпсіздік дегендей, барлығын тексереміз, көп жұмыс істейміз. Бірақ кейде адамдар босаңсып қалғанда, күтпеген жерде осындай оқиғалар орын алып қалуы да мүмкін. Алайда бұл алдын-ала бәтуаласудың салдарынан да болуы ытимал.
Қазіргі кезде полиция сақшылары 2 адамды мерт етіп, бір адамды жарақаттағандарды ұстау үшін арнайы «Тосқауыл» деп аталатын шараны іске асырып жатыр.