Accessibility links

Қазақстанда ди-джей жазған тұңғыш кәсіби диск жарық көрді


Бүгінгі жастар қоғамдағы қай салада болмасын өз белсенділігін танытып жатады. Сондай саланың бірі музыка. Алматыда осы күндері бірнеше ондаған түнгі клубтар бар. Ал солардың барлығында дерлік әртүрлі стильдерді қамтитын музыкалар ойнайды. Дегенмен, олардың барлығы жас буынның көңілінен шыға бермейді.

Бүгінде Алматыда бірнеше ондаған түнгі ойын-сайық орталықтары бар. Күндіз не жұмыста, не оқуда жүрген жастар қол босай қалғанда осы жерлерде көңіл көтереді. Түнгі клубтардың саны көп болғандықтан, олардың арасында өзара бәсекелестік пайда болатындығы сөзссіз.

Сол себептен әр мекеменің басшысы, келушілердің санын көбейту үшін көрсететін қызмет түрлерін де сапалы етіп жасауға тырысады. Ең алдымен, әрине жаңа шыққан танымал әндердің санын көбейтуге тырысады.

Азаттық радиосы тілшісінің жүргізген шағын сауалнамасына жауап берген алматылық жастардың көпшілігі өздеріне «Муз Арт», «Орда» сынды топтар мен Қарақат, Алтынай Жорабаева сынды әншілер ұнайтындығын айтып отыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, жастардың айтып отырған «Муз-Арт» тобы жақын арада құрамын өзгертпек. Қазақстандық жастарға танымал триодан Мақсат Базарбаев кетіп, өзі жеке ән айтумен айналыспақ.

Ырғақты әндер демекші жоғарыда атап өткен түнгі ойын-сауық отауларында қазақ тілді әндер жоқтың қасы. Дегенмен, Алматыда арнайы ырғақты, биге арналған музыкаларды жазатын ди-джейлер аз емес. Осы күндері диск жокей жазып шығарған тұңғыш қазақстандық кәсіби дискінің тұсау кесері өтті. Дискінің авторы DJ Moyshe - ның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстандағы бар музыкалық бағыттардың әлі де болса аздығын айтып отыр:

- Мен өзім лаунж стилін ұнатамын. Осы дискідегі барлық туындылар Еуропамен Азияның музыкасынан құрастырылған.

Сонымен қатар, ди-джей Мойшаның басшылығымен Алматыда үстіміздегі жылы «Бейбітшілік атомы» (Мирный атом) атты музыкалық лаборатория құрылды. Оның басты мақсаты - түрлі музыкалық бағыттарды үйлестіре отырып, ұлттық нақышта жасалған қазақстандық өнімді әлемдік рынокка шығару болып табылады.
XS
SM
MD
LG