Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің директоры Уәлихан Қоңырбаев дәл қазіргі таңда Қырғызстанда Қазақстанның қанша азаматы бар екенін анықтау мүмкін емес дейді.
Оның айтуынша, Қырғызстанның оңтүстігіндегі толқуылар басталғаннан бері Жалалабад қаласында оқып жатқан 35 қазақстандық студент Қазақстанға қайтарылған. Наурыздың 24-інен бастап Бішкек оқиғасына байланысты екі елдің мемлекеттік шекарасындағы бекеттер уақытша жабылған.
- Дегенмен, мұның өзі екі-үш күндік қана шара болуы мүмкін,- дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Уәлихан Қоңырбаев.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметкері Мұхтар Кәрібаев Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың Қырғызстандағы жағдайға байланысты арнайы мәлімдеме жасағанын хабарлады.
Наурыздың 25-інде Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партиялары да Қырғызстандағы оқиғаға байланысты бірлескен мәлімдеме жасады. Ол мәлімдемеде «Қырғызстандағы төңкерістің жобасы да Украина мен Грузиядағыдай сырттан жасалып отыр, Қырғызстандағы төңкерістің бір айырмашылығы, билік жүйесі бұрынғы Совет одағы кеңістігінде алғаш рет қарақшылық шабуыл жасау арқылы күштеп құлатылды және бұл сценарийдің Қазақстанда да қайталанбауына кепілдік жоқ» делінген.
БАҚ өкілдерін мәлімдеменің мазмұнымен Аграрлық партияның төрағасы Ромин Мәдинов таныстырды. Азаматтық партияның төрағасы Азат Перуашев та «Қырғызстандағы төңкеріс шет елдердің қолдауымен жүзеге асырылды, ендігі нысана - Қазақстан болуы мүмкін» деген ойын айтты. Сол шетелдерді атай аласыз ба деген Азаттық радиосы тілшісінің қойған сұрағына Азат Перушаев мырза: «Оны сот үрдісі анықтайды» деп жауап берді.
Бұл мәселеге байланысты Азаттық радиосына өз пікірін білдірген Қазақстанның Отаншыл жастар одағының төрағасы Махамбет Әбжан Қырғызстанда болған төңкеріс Қазақстанда да қайталануы мүмкін деп санайды. Парламент сенатының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Жабайхан Әбділдин Қырғызстандағы оқиға бір ғана Асқар Ақаевтың кінәсінан туып отырған жоқ деген пікірде.
Ал, Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Серік Әбдірахманов соңғы кезде Қырғыз халқының әлеуметтік жағдайының тым құлдырап кетуіне Асқар Ақаев басқарған билік кінәлі деп есептейді. Қазақстанның Қырғыз еліндегі бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі, қазір кезде парламент мәжілісінің депутаты Мұхтар Шаханов болса, Қырғызстандағы толқулардың себебі - руханият мәселелерінде жатыр деп білетінін айтты. Оның ойынша, Қазақстанда да соған ұқсас жағдай қалыптасып отыр.
Ал Қырғызстанның биліктен кетірілген президенті Асқар Ақаевтың қайда екені туралы әзірге нақты дерек жоқ. Бұған байланысты Азаттық радиосының қойған сауалына Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Иван Павлов:
- Әзірге президенттің қайда жүргендігінен хабарсызбыз, - деген қысқа жауаппен шектелді.
Наурыздың 24-і күні Бішкек оқиғасы басталысымен Асқар Ақаевтың қайда жүргендігі туралы әрқилы болжамдар жасалып, бірқатар ақпарат құралдарында президент Ақаев Қазақстанда бой тасалап жүруі мүмкін деген ақпарат тарады. Әзірге расталмаған деректерде оның Бурабайға келгені жайлы хабар айтылған. Алайда, Қазақстан сыртқы істер министрлігі және басқа да ресми орындар жұма күні әлгіндей ақпаратты жоққа шығарды.