Наурыздың 25-і күні Семей қаласында өтіп жатқан «Әнші балапанға» 200-ге тарта 5 пен 15 жас аралығындағы балалардан өтініш түссе, солардың 100-ге жуығы бақтарын сынауда. Топ жарған балалар наурыздың 26-сы Астана қаласында өткізілетін республикалық байқауға қатысатын болады.
Семей қалалық мәдениет орталығының директоры Әуелхан Мұхатайұлының айтуынша, байқауға қатысуға 200 бала тілек білдірген. Алайда, олардың тек 100-ге жуығы ғана қазылар алқасының сараптауынан өткен. «Бүгінде балалардың өнерге деген құлшынысы артып келеді», - дейді Әуелхан Мұхатайұлы. Оның айтуынша, биылғы байқауға көп балалы отбасынан шыққан, жетім, мүгедек балалар да тартылып отыр.
- Балалардың өнерге, оның ішінде ұлттық өнерге деген қызығушылықтары басым. Биылғы байқауға жағдайы төмен отбасыларынан шыққан, мүгедек балаларды да тартып отырмыз.
Әуелхан Мұхатайұлының айтуынша, байқаудан жеңімпаз атанғандар Астанада өтетін республикалық «Әнші балапан» байқауына қатысатын болады. Қазақстанның барлық облыстарынан қатысатын жас таланттар бүгінде Астанаға жинала бастады. Балхаш қаласынан республикалық байқауға қатысуға 4 өнерпаз бала келіпті. Олардың жетекшісі Несіпбала Қалиева бұл байқаудың балалардың өнерін ұштауына септігі мол деп есептейді.
- Әкеліп отырған балалардың барлығы облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпаздар. Бұл жолы да үлкен дайындықпен келіп отырмыз. «Асыл - тастан, өнер - жастан» демекші, біздің мақсатымыз балалардың талабын, өнерін дамыту, соны көрсету.
14 жасар Рүстем Хамзадин «Әнші балапан» байқауына алғаш рет қатысып отыр екен. Ол патриоттық әндерді ұнатамын дейді.
- «Әнші балапан» байқауына бірінші рет қатысқалы отырмын, ал басқа облыстық, қалалық байқауларға қатысып тұрамын. Бұйырған жүлдені алып та жүрміз. Мүмкін отансүйгіштігімнен болар, патриоттық тұрғыдағы әндерді сүйіп орындаймын.
Ал Толғанай Саматова байқауға жақсы дайындықпен келгендігін айтады.
- Мен «Әлия» және «Табиғатым» әндерін дайындап келдім. Өзімнің ойымша жақсы орындайтын секілдімін, дайындығым жаман емес.
Бүгінгі таңда қазақ эстрадасының жұлдызы атанған Мәдинә Сәдуақасова да Роза Рымбаеваның орындауындағы әндердің бірімен алғашқы жылдары ұйымдастырылған «Әнші балапан» байқауына қатысып жүлделі орынды иемденген екен. Ол:
- Үлкен сахнаға шығуыма жол ашқан да осы байқау. Бұл байқаудың мен үшін орны бөлек. Жалпы, өнер жолында үлкен дәрежеге жету үшін бала жастан осындай байқауларға қатысып отырған жөн.
Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Балхаш, Көкшетау қалаларынан келіп қатысқалы отырған республикалық байқауға 300-ге жуық жас таланттар қатысады.